www.uzluga.ru
добавить свой файл
Бекітемін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

бас директоры Саданов А.К.

2012 жылғы «____» ___________

шешімнің (бұйрықтың) №____________

 

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

 

мемлекеттік сатып алу бойынша

конкурс тәсілімен ҚР БҒМ ҒК «Микробиология және вирусология институты» ШЖҚ РМК – ның ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын қайта сатып алу

 

Тапсырыс беруші

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны,  050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 103, СТН: 600900579676, БИН: 061040002445, БИК: KCJBKZKX, ИИК: КZ678560000004321398 АО «Банк ЦентрКредит» Алматы қаласындағы банкінде, Кбе 16, жариялауға жататын хабарламаны орналастыратын электронндық интернет-ресурстың адресі: www.imv.nauka.kz (бұдан әрі – Тапсырыс берушінің нтернет-ресурсы)


Тапсырыс берушінің өкілі

Саданов Аманкелди Курбанович, байланыс телефоны: 8 (727) 291-84-97 


Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны,  050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 103, СТН: 600900579676, БИН: 061040002445, БИК: KCJBKZKX, ИИК: КZ678560000004321398 «Банк ЦентрКредит» АҚ Алматы қаласындағы банкінде, Кбе 16, жариялауға жататын хабарламаны орналастыратын электронндық интернет-ресурстың мекен-жайы: www.imv.nauka.kz (бұдан әрі – Тапсырыс берушінің нтернет-ресурсы)

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі

Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы – Мусабеков Жасулан Канатович, байланыс телефоны: 8 (727) 291-84-97,  электрондық почтасының мекен-жайы: imv.10@mail.ru

 

Конкурстық құжаттаманың құны

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

1. Жалпы ережелер

 

1. Конкурс ҚР БҒМ ҒК «Микробиология және вирусология институты» ШЖҚ РМК – ның ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алуға өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома 97544630 (Тоқсан жеті миллион без жүз қырық төрт мың алты жүз отыз) теңгені құрайды:


лот №1 – 3256530 (Үш миллион екі жүз елу алты мың бес жүз отыз) теңге;


лот №2 – 78151280 (Жетпіс сегіз миллион жүз елу бір мың екі жүз сексен) теңге;


лот №3 – 16136820 (Он алты миллион жүз отыз алты мың сегіз жүз жиырма) теңге.


3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:


1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын жұмыстардың тізбесін;


2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;


3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;


4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес жұмыстарды орындау үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;


5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы жұмыс көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса жұмыстарды сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын СТН: 600900579676, БИН: 061040002445, БИК: KCJBKZKX, ИИК: КZ678560000004321398 «Банк Центр Кредит» АҚ Алматы қаласындағы банкінде, Кбе 16;

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

 

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық

құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

 

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012 жылғы «05» маусымның 13 сағат 00 минутына кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 103, әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі, №20 бөлме.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;

2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012жылғы «10» маусымның 13 сағат 00 минут мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін, 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 103 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның конференц-залында 2012 жылғы 06 маусымдағы 17 сағат 30 минутта кездесу өткізеді.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

  

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындау жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінімнің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

төлем қабілетін растайтын құжаттарды;

осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;

не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растауға құқылы. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;

3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;

осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшалаға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді.

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдері мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепілдік беру суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының келесі банктік шотына СТН: 600900579676, БИН: 061040002445, БИК: KCJBKZKX, ИИК: КZ678560000004321398 «Банк Центр Кредит» АҚ Алматы қаласындағы банкінде, орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;

6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

12. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі:

1) Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бастап қырық бес күн мөлшерінде бекітілген.

2) Конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімінен, қолданылу мерзімі төмен конкурстық өтінімдер болса, онда бұндай конкурстық өтінім кейінге қалдырылады.